Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ринат Зайыт: Аз жеңіс емес. Шүкір! Мемлекеттік тілмен еш тіл тең емес, қатар ғана

14:51, 10 ақпан 2026

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт жаңа Конституция жобасының мемлекеттік тілге қатысты 9-бабына енгізілген өзгеріске байланысты өз пікірін білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Біздің қоғам Ата заңның 9-шы бабының екінші тармағын дүрлігіп талқылап, біраз тіл жанашырларын айыптап, құстаналап жатқанда мәжіліс пен акорданың ішінде үнсіз көп іс атқарылып жатқанын сіздер білмейсіздер әрине. 

Міне, сол тісін көрсеткеннен ісін көрсетуді жөн санайтын азаматтар комиссияға бірнеше нұсқада өз өтініштерін беріп, сол 9-шы баптың екінші тармағының өзгеруіне қол жеткізді!

Енді жаңа нұсқадағы мәтінде орыс тілі тең емес, қатар қолданылады. Түсінген адамға аз жеңіс емес. Шүкір! Ең бастысы, осы жетістікті жеңіске айналдыру үшін бізге салқынқандылық өте қажет. Жетістік желігуді жек көреді. Ал біз әлі көп жетістікке жетуге міндеттіміз!

Наполеон Бонапарттың бойы бір киімілгішке жетпей тұрғанда бір офицер келіп,

“Генерал, киіміңізді мен ілейін. Сізге қарағанда биіктеумін ғой” депті.

Сонда Наполеон “сен - биік емессің, ұзынсың” деген екен.

Мемлекеттік тілмен еш тіл тең емес, қатар ғана”- деп жазды Ринат Зайыт.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар