Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ресей тарапы рұқсат берген". Қазақстанның әуе кеңістігін кесіп өткен белгісіз ұшаққа қатысты тың дерек шықты

20:13, 20 ақпан 2026

Қазақстан аспанында байқалған «жұмбақ» америкалық әскери ұшақтың кімге тиесілі екені белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Stan.kz ақпарат агенттігі әскери сарапшы Юрий Кнутовтың дерегін алға тартты. Сарапшының сөзіне қарағанда, аталған әуе кемесінің ұшуына Ресей тарапы рұқсат берген. БАҚ деректеріне сүйенсек, ұшақ АҚШ-тағы Эндрюс әскери әуе базасынан көтеріліп, Швецияның солтүстігі арқылы өтіп, Мурман, Архангельск және Киров облыстарының үстімен ұшқан. Кейін Уфа маңынан бағыт алып, Орск қаласы тұсында Ресей–Қазақстан шекарасын кесіп өтіп, Қазақстан әуе кеңістігіне енген.

Ресейлік медиа мен Telegram-арналар бұл рейсті бастапқыда АҚШ Әуе күштеріне тиесілі «анықталмаған» ұшақ деп болжаған. Алайда gazeta.uz басылымының мәліметінше, әуе кемесі Өзбекстан президентіне тиесілі болған. Ол Бейбітшілік кеңесінің саммитінен кейін еліне қайтып бара жатқан.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, ұшақ Вашингтон маңындағы «Эндрюс» базасынан жергілікті уақытпен 14:12-де көтеріліп, Канада, Гренландия, Еуропа, Ресей және Қазақстан аумақтары арқылы ұшып өтіп, Ташкентке қонған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар