Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякунь АҚШ-тың Тайваньға қару сату жоспарына қатаң наразылық білдірді, деп жазады Alash.KZ.
Оның айтуынша, мұндай әрекет «Бір Қытай» қағидатына және Қытай мен АҚШ арасындағы үш бірлескен коммюникеге қайшы келеді.
Го Цзякунь бұл қадам Қытайдың егемендігіне, қауіпсіздігіне және аумақтық тұтастығына нұқсан келтіретінін айтты.
Сонымен қатар, мұндай шешім Тайвань мәселесіне қатысты ұстанымдарға екіұшты түсінік қалыптастырып, жағдайды одан әрі күрделендіруі мүмкін екенін атап өтті.