Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қылмыстық іс қозғалды" - Ақтөбеде танымал рэпер Qarakesek ұсталды (ВИДЕО)

20:39, 04 қыркүйек 2025 279

Атышулы ақпарат туралы Ақтөбе облыстық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады Alash.KZ.

Тәртіп сақшылары жедел шара барысында «Kia Rio» көлігін мас күйінде жүргізген рэп орындаушысын тоқтатқан.

Тінту кезінде одан шағын орамадағы синтетикалық есірткі табылып, сараптамаға жіберілді.

– Медициналық куәландыру кезінде оның есірткіге мас күйінде көлік басқарғаны анықталды. Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды, – делінген хабарламада.

Есірткі құралдарын заңсыз пайдалану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, қылмыстық іс қозғалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар