Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Құны - 800 мың теңге»: Павлодардағы сәби саудасы туралы сұмдық ақпарат тарады

11:52, 04 сәуір 2026

Түркістан облысының тұрғыны Павлодар қаласында өзінің жаңа туған қызын сатпақ болған жерінен ұсталды, деп жазады Alash.kz. 

Полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылының арқасында нәрестенің өмірі мен қауіпсіздігіне төнген қатердің алдын алу мүмкін болды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша тиісті тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті өз перзентін 800 мың теңгеге бағалаған. Тәртіп сақшыларының кәсіби әрекеті нәтижесінде бала үшін түзетілмес ауыр зардаптарға жол берілмеді. Бұл оқиға адам саудасына қарсы күрес шаралары аясында анықталып, дер кезінде тоқтатылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

ХҚКО-лар жабыла ма?

21:02, 03 сәуір 2026