Белгілі актриса, әзілкеш Жұлдызай Дүйсенбиева Шаншар театрында жүрген кездерін еске алып, еріксіз көзіне жас алды, деп жазады Alash.kz.
Актриса Хабар телеарнасына берген сұхбатында сахнадағы халықтың қошеметі мен ыстық ықыласын сағынғанын айтты.
Жылауға болмайды, иә?!
Жалпы, бұған дейін Шаншардың 30 жылдығы болсын, Алдараспанның 15 жылдығына дейінгі сұхбаттарда қатты сахнаны сезінгенім өзіме сезілген жоқ. Сол 30 жылдыққа шыққан кезде ғана халықтың қошеметі өте сұмдық болды енді. Әр қалада, өтірік айтпай-ақ қояйын, тек 3 минут, 5 минуттық шапалақпен тұрдым бір өзім. Оны көру мен үшін бақыт болды. Жылаған кездерім де болды сол кезде. Мен сол кезде ғана көп нәрсені түсіндім. Сол кезде ғана құндылығым өзгерді. Біз кейде өмірде күйбең тіршілікпен “ақшам болса болды, жағдайым болса болды, жарқырап жүрсем болды” деп ойлаймыз да, түп жағын көп ойлай бермейді екенбіз.
Сондықтан да, менің жалпы өмірге деген көзқарасымды сол Шаншардың 30 жылдығы өзгертіп кетті.
Сағынамын. Қазір қартайдым ба, білмеймін…
Шаншарды көрсем өтіп кете беретінмін. Жас кезім ғой деп. Қазір жылап қаламын.