Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құлсарыдан 28 501 тұрғын эвакуацияланды

13:47, 07 сәуір 2024 416

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

«Құтқарушылар тұрғындар мен олардың үй жануарларын эвакуациялауға көмектесіп жатыр. Осы уақытқа дейін Жылыой ауданында 28 501 тұрғын, оның ішінде 6 781 бала эвакуацияланды», –  делінген хабарламада.

Бұған дейін Маңғыстау облысы ТЖД Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласы мен елді мекендерінен Маңғыстау облысына 8738 адам эвакуацияланғанын мәлімдеген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?