Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құлсарыда 600-ден астам үй су астында қалды

22:04, 05 сәуір 2024 409

Қарғын су аулалар, көшелер мен алаңдарға жайылуда. Қазір эвакуация жүріп жатыр, ол үшін пойыз қолданылуда.

Ақпарат құралдарындағы деректерге сенсек, 2000-нан астам адам эвакуацияланған, оның ішінде 400-ден астамы балалар. Халықты Атырауға эвакуациялап жатыр.

Апаттық-құтқару жұмыстарына 745 адам мен 280 техника жұмылдырылған. Одан бөлек 4 мыңнан астам ерікті мен жергілікті тұрғын да осы жұмыстарға қатысуда.

Ақтау мен Атыраудан қосымша күш жұмылдырылып, Құлсарыға жөнелтілуде.

Аудан әкімшілігі өтемақы төлеу іске асатынын және мүлікті қалпына келтіру жұмыстарына мемлекет қол ұшын созатынын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар