Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Құдай сақтасын, Қуандық көріп қалса...". Салтанаттың сіңлісі әпкесінің өліміне қатысты тың дерек айта ма?

08 сәуір 2024 3492

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша өтіп жатқан соттың кезекті тыңдалымында Салтанат Нүкенованың сіңлісі Айнұр Нүкенова жауап берді.

Ол Салтанаттың тұрмысқа шыққаннан кейін мүлде өзгергенін, тіпті “Қуандық көріп қалады неге жаздың?” деп байланысқа шығуды тоқтатқанын алға тартты.

“Біз бірге шетелге шығатынбыз, таңғы асты, түскі, кешкі асты бірге ішетінбіз. Ал тұрмысқа шыққан соң ол мүлде жоғалып кетті. Менен қарызға ақша сұрайтын болды. Тойдан кейін бұрынғыдай араласпайтын болды. Оған хабарлама жазсам, маған: “Айнуша, сен маған жаза берме, мен өзім байланысқа шығамын. Әйтпесе құдай сақтасын Қуандық көріп қалса”, деді. Мен сол кезде “қалай сонда”, деп қатты таңғалдым. Сонда мен өзімнің әпкеме жаза алмаймын ба деген ой келді”, – деді ол.

Салтанаттың сіңлісі осы жағдайдан соң алаңдап құрбысы Аидаға хабарласқан. Оған Салтанаттың инстаграмда жоғалғанын, және жазбасын айтқан. Алайда Аида Салтанатта бәрі жақсы деп жұбатқан екен.

“Кейін туысқандар мен қонаққа барғанымызда мен бәрінің көзінше әпкемнің менімен бұрынғыдай араласа алмай жүргені ұнамайтынын айттым. Сол кезде Қуандық “оның енді отбасы бар, сен де тұрмысқа шыққанда отбасың болды ғой”, деп күліп жауап берді. Алайда мен ренішімді бәрінің көзінше дауыстап айттым”, – деп қосты Айнұр Нүкенова. 

 

Айнұр Нүкенова әпкесінің өлімі туралы хабарды қалай естігенін де айтты сотта. 

"Ол кезде душта едім. Нақтылау үшін айта салайын, басым су болып тұр. Ұлым душқа атып кіріп, телефоныма тоқтаусыз қоңырау түсіп жатқанын айтты.

Бақытжан (Байжанов) "неге тұтқаны көтермей жатырсың? Салтанат қайтыс болды" деді. Мен, әрине, сенбедім. Тағы біреу хабарласып "Айнұр, иманды болсын" деді. Айтым (Нүкенованың ағасы) хабарласып "BAU-ға келші" деді. Су басыммен көлікке отырдым, күйеуім "Қуандық Салтаны өлтірді" деді. Мен сенбедім", - дейді Салтанаттың сіңлісі. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?