2021 жылғы аптап ыстық кезінде болған қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлерге шөп жолдап, азаматтық жасаған Құрмет Талапқазы қуанышты жаңалығын бөлісіп, халқынан сүйінші сұрады, деп хабарлайды Alash.kz порталы.
Қуаңшылық қыспаққа алған елге көмектесу үшін қол жинап, шөп жолдаған азамат өзінің Instagram-парақшасында қуанышын бөлісіп, елден сүйінші сұрады. Өз Махаббатымен некелескенін айтты:
"Сүйінші ағайын, көптен күткен Махаббатыммен некемді қидым. Құтты болғай", - деп қысқа жазба қалдырды.
Еске салайық, Құрмет Талапқазы қуаңшылық қыспаққа алған шақта төбе көрсетіп, Батыс өңіріне лек-легімен шөп жолдаған. Осылайша көпшіліктің қиындықты еісеруіне, төрт түлігін ашаршылықтан аман алып қалуына сеп болған. Халық сол жылдарда оған алғыс жаудырып, әрекетіне тамсанған еді.