Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қостанай облысында белгісіз ер адам әйелді бауыздап өлтірді

11:31, 27 шілде 2024 322

Қостанай облысында белгісіз ер адам әйелді бауыздап өлтірген. Бұл туралы Alash.KZ ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлайды.

Қайғылы оқиға 20 шілде күні Әулиекөл ауданы Құсмұрын ауылында болған.

Карл Маркс көшесіндегі жеке үйлердің бірінің ауласында мойны кесілген жаралы әйел табылды. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі әйелдің көз жұмғанын анықтады.

Марқұмның жанында күйеуі болған. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне 40 минут бұрын әйелінің айғайын естіп, сыртқа шыққанын, оны осы күйде тапқанын айтыпты. Марқұмның күйеуі күдіктімен төбелесу кезінде басының артына және бетіне пышақ жарақатын алған. 

"Құсмұрын ауылында әйелді өлтірді деген күдікпен полицейлер 29 жастағы ер адамды ұстады, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген Қостанай облысы полиция департаментінің хабарламасында. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар