Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қорқып қалдым: Үш баласы бар еркек 2 жылдан дері үңгірде тұрып жатыр

09:20, 24 ақпан 2025 1675

Түркияның Хатай жерінде екі жыл бұрын жойқын зілзала кезінде баспанасынан айырылған ер адам үңгірде өмір сүріп жүр. Бұл туралы Alash.kz Azattyq Rýhy агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

55 жастағы Әли Бозоғлан – үш баланың әкесі. Өмірі бір түнде өзгерген Әли Бозоғлан Дефне ауданының Чекмече аймағындағы жер сілкінісінде зардап шеккен.

Жер сілкінісінен кейін психологиялық қиын күндерді бастан өткерген. Зілзаладан кейін Самандағ жеріндегі Яйлыжа ауданының маңында орналасқан үңгірді тапқан.

Жер сілкінісінен қорқып, адамдардан алшақ өмір сүру үшін Бозоғлан үңгірге қоныстанған. Әли Бозоғлан үңгірдегі үйіне мотоциклмен жетеді.

Бозоғлан Дефне округінің әкімшілігі контейнер ұсынғанын, бірақ өзін үңгірде жайлы сезінгендіктен бұл ұсыныстан бас тартқанын айтты.

«Мен жер сілкінісінен кейін 2 жыл бойы осында өмір сүріп жүрмін және бұл үңгірде жанымның тыныштығын таптым. Бұл үңгір мыңдаған жылдар бойы құламай тұр. Менің үңгірдегі күнім өте жақсы өтіп жатыр.

Мен үйленгенмін, үш балам бар. Мұнда барлық қажеттілігімді қанағаттандырамын. Дәретхана үшін септик қазайын деп едім, ауылдың құбырларын сындырып алдым. Сондықтан енді басқа бірнәрсе ойлап табуым керек. Электр қуатына қатысты қиындық бар. Мүмкіндік болса, күн батареясын пайдаланғым келеді. Кір жуғыш машина мен тоңазытқышты іске қосу үшін күн батареясын алғым келеді», - деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар