Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қорқып тұрмын: Тұрсен Алагөзов өзбек әншісіне ең қымбат көлік сыйлады

10:12, 18 шілде 2024 1002

Танымал кәсіпкер Тұрсен Алагөзов өзбек әншісіне барша қазақтың атынан қымбат көлік сыйлады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Stan.kz мәліметінше, Шымкент сыра зауытының иесі еңбек сіңірген мәдениет қайраткеріне "Cadillac Escalade" маркалы көліктің кілтін табыстады.

“Бауырлас ел болғандықтан, қазақ халқының атынан сыйлаймын. Мен сізге ұзақ өмір, денсаулық және махаббат тілеймін”, – деді кәсіпкер Тұрсен Алагөзов. 

Су жаңа көлікке ие болған өзбек әншісі қуанышын жасыра алмай, алғыс жаудыра берді. 

“Көлік маған қатты ұнап тұр. Өте керемет екен. Бір жағынан мінуге қорқып тұрмын”, – деді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар