Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қорғаныс министрлігі Қазақстан халқына шұғыл мәлімдеме жасады

13:18, 22 ақпан 2026

Қорғаныс министрлігі Қазақстан халқына маңызды мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Ведомоствоның хабарлауынша, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесі бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 2026 жылғы 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жоспарлы жаттығуы өткізіліп жатыр. 

“Жаттығу барысында әуе нысандарын анықтау және сүйемелдеу, әуе кеңістігін бұзған әуе кемелерін ұстап қалу, сондай-ақ оларды белгіленген әуеайлақтарға қонуға мәжбүрлеу міндеттері пысықталуда.

Іс-шара жоспарлы сипатқа ие және әуе шабуылына қарсы қорғаныстың кезекші күштерінің өзара іс-қимыл деңгейін, жауынгерлік машығын және дайындығын арттыруға бағытталған.

Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, расталмаған мәліметтерді таратпауын сұраймыз”,- делінген ресми хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар