Қызылорда қаласының 10 жастағы тұрғыны Әлинұр Рахым соңғы үш жылдан бері ұйқы көрмей келеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Еуразия арнасының хабарлауынша, отбасы үшін әр түн ауыр сынаққа айналған. Анасы Айнаш Қайыпбаеваның айтуынша, жергілікті дәрігерлер баланың жағдайын мінез ерекшелігімен байланыстырып, нейролептик дәрілер тағайындаған.
Анасының сөзінше, Әлинұр кейде бірнеше сағат бойы көзін жұмбастан жатады, өзімен-өзі сөйлеседі, ал таңға жуық бір сағат қана мызғып үлгереді.
Бала анасының алаңдаушылығын сезеді. Тіпті кейде «сен жыламасын деп, ұйықтап жатқандай болып көрінейін» деп жұбатады екен.