Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бойжеткен талып жатқанда телефонын жымқырып, төбелес кезінде тонаған". Алматыда ұрлық істеді деген күдікке ілінген азаматтар ұсталды

18:00, 21 ақпан 2026

Алматыда есінен танып, көшеде құлап қалған бойжеткенге жұрт көмекке ұмтылған сәтте, белгісіз біреулер оның ұялы телефонын ұрлап кеткен. Бұл туралы  Alash.kz  хабарлады.

Алматы қаласының полиция департаменті мәліметінше, аталған дерекке байланысты екі күдікті ұсталған. Оқиға әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен тараған.

Полицияның хабарлауынша, алғашқы жағдайда қыз көшеде есінен танып құлаған кезде күдіктілер оның телефонын қолды еткен. Екінші оқиға дәмхана маңындағы төбелес кезінде болған. Жаппай жанжал барысында олар тағы бір азаматтың ұялы телефонын жымқырған.

Криминалдық полиция жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде екі күдікті қолға түсті. Қазіргі уақытта олардың өзге де ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияровнің айтуынша, екі жағдайда да күдіктілер адамдардың өзге жанға көмек көрсетуге ұмтылған сәтін пайдаланып, қылмыс жасаған. «Бұл – адамгершілікке жат әрекет. Қазір күдіктілер қамауда», – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар