Түркияның Невшехир қаласында көмірдің улы түтінінен бір отбасы қаза тапты. Қайғылы жағдайға қатысты жаназа кезінде болған оқыс жайт жұрт назарын аударды, деп жазады Alash.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 27 жастағы Сафар, оның жұбайы Азиме және 8 айлық сәбиі иіс тиіп, көз жұмған.
Марқұм Сафардың ағасы – сол қаладағы имам Фатих бауыры мен оның отбасының жаназасын шығарып тұрып, есінен танып, теңселіп кеткен. Қара жамылған ағайынның ауыр күйі видеоға түсіп, әлеуметтік желіде кеңінен тарады.
Желі қолданушылары «Бауырынан айырылу оңай емес», «Ауыр қайғы еңсесін басқан», «Обал болыпты» деген мазмұнда пікірлер қалдырып, отбасының қайғысына ортақтасып жатыр.