21 ақпан күні Шымбұлақ тау-шаңғы курортына барған қала тұрғындары мен қонақтары алапат дауылдың куәсі болды. Қатты соққан желден арқанжол кабиналары тербеліп, аумақтағы ірі ағаштардың бірі құлаған. Оқиға сәті әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан көрінеді, деп Alash.kz хабарлады.
Құлаған алып ағаш серпантин жолына түсіп, автокөліктер қозғалысына кедергі келтірген.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жолдың жедел түрде тазартылғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, жолдың жүру бөлігі Құтқару қызметі мен мемлекеттік ұлттық табиғи парк қызметкерлерінің күшімен ашылған.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелмеген.