Әнші Еркеш Хасен желідегі парақшасында өзіне қатысты тарап жатқан қауесеттерге нүкте қойып, алғаш рет жеке өмірі жайлы айтты, деп жазады Alash.kz.
«Неше уақыттан бері, елдің айтқан өтірік жаласын жұтып келдім. Бірақ, бұл САСЫҚ әңгімеге кінәсіз баламды араластырғандарыңыз үшін жазып тұрмын.
Бір айтарым, мен қызымды ешқашан тастаған емеспін, тастамаймын да!
Соңғы демім қалғанша, қызыма қамқор боламын.Мен камераның алдына барып, отбасыма қатысы жоқ адамға, отбасым жайлы айтып отырмаймын!
Менің ҚЫЗЫМДЫ да, қызыма деген махаббаттан туған әнімді де, ешкім тартып ала алмайды!» – деп жазды ол.
Өнер иесі жеке өмірін көпшілік алдында талқылауды дұрыс санамайтынын айтты.
«Ешкім ажырасамын деп, үйленбейді. “Ұлың болса – ұрыға күлме” дейді.
Сіздер үйреніп қалған сценарийге сүйенсек, мен бір журналистпен отырып, осыны талқылау керек екенмін. Кешіріңіздер, мен талай жақсы күндерді бірге өткізген адамды, елдің алдында әңгіме қылып отырмаймын.
Екеуміз арамызда болған нәрсе, әуелі Алла, сосын тек екеумізге мәлім. Осымен әңгімені доғарайық!» – деді ол.