Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қоғамның шиқанды іріңін бырқ еткізіп, дөп бастыңдар". Желіде Бекболат Тілеуханның пікірі тарады

17:00, 21 ақпан 2026

«Өнер қырандары» әзіл-сықақ театрының «Абай бол» фильміне арналған премьералық көрсетілімде қоғам қайраткері, діндар Бекболат Тілеухан сөз сөйлеп, туындыға қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы Alash.kz  хабарлады.

Оның айтуынша, фильм қоғамдағы өзекті мәселелерді батыл көтерген.

«Сендер өз мақсаттарыңа жеттіңдер. Қоғамның шиқанды іріңін бырқ еткізіп, дөп бастыңдар. Сезетін адам бұл киноның астарын өзі ұғады. Оразаның қарсаңында көрсетіп жатсыңдар. Бұл – қазаққа жасаған сыйларың. Лудомания, алдау сияқты дерттердің бетін аштыңдар. Тура Абай айтқан кезеңде тұрғанда, абайдай болсын! Бірінші киноңнан екіншісі мықты болды. Үшіншісі бұдан да жақсы болсын», – деді ол.

Айта кетейік, «Абай бол» – «Өнер қырандары» ұжымының кезекті кинотуындысы. Көрермендер фильмнің әлеуметтік астарына ерекше назар аударып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар