Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Емделуге мүмкіндік беруді сұраған". Qarakesek атымен танымал әншіге қатысты тың дерек шықты

11:00, 21 ақпан 2026

Ақтөбеде Qarakesek лақап атымен танымал рэперге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Alash.kz. 

Сот 31 жастағы Омар Аманбаевты психотроптық затты өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп таныды. Айыпталушы сот отырысына мәжбүрлі түрде жеткізілген.

Соңғы сөзінде ол кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді. Сондай-ақ өзін бас бостандығынан айырмауды, емделуге мүмкіндік беруді сұрады. Бұдан бөлек, айыппұл немесе қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындауды өтінген.

Музыкант төрт баланы тәрбиелеп отырғанын және мамандар көмегіне мұқтаж екенін айтты.

Ақтөбе қаласының №2 сотының шешімімен Омар Аманбаевқа 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар