Атырау облысы, Жангелдин елді-мекенінде орын алған қайғылы жағдайға күдікті деп танылған Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы келінінің денсаулығына қатысты тың дерек айтты, деп жазады Alash.kz.
Марқұм болған ерлі-зайыптының кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиеваның енесі құзырлы органдар ақпаратты бұрмалап, дұрыс түсінбей отырғанын алға тартты. Руслан Өтепбайдың «Келіннің шашын неге тықырлап алып тастадыңыздар?» деген сұрағына күдіктінің анасы өз жауабын былай берді:
Келіннің үсті-басына жара түсіп кетті. Биттеп кетті. Сосын, амал жоқ, тықырлап алып тастадық. Өзім рұқсат бердім. «Сұлтан, шашын алып таста! Түнімен басын қасып, жара қылды. Жаймасының бәрі жараның қабығынан көрінбейді. Балаларға жұғып жүрер. Масқара боламыз» дедім. Сұлтан қия алмады. Қанша дегенмен жақсы көреді ғой. Сүйіп қосылған келіншегі. Алып-тасташы. Жаз ғой. Душ бар. Ақбаян өзі қарсы болған жоқ. Қайта, рахаттанып қалды. Жудым басын аппақ қылып. Қан құйылғаннан реакция беріп тұрған ғой. Содан жара шыққан. Оны полиция басқаша түсінді. «Неге алдыңыз шашын? Олай ала ма?» деп, басқаша оймен айтады. «Күйеуінен таяқ жеп, шашын алып тастаған» деп ойлайды. Арасы жақсы болды олардың. Кикілжің болған жоқ.