АҚШ президенті Дональд Трамп барлық елдерге баж салығын 15 %-ға дейін көтеретінін мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Мен, АҚШ президенті ретінде, ондаған жылдар бойы (мен қызметке келгенге дейін!) еш салдарсыз АҚШ-ты «теспей сорған» көптеген елдерге қатысты бүкіл әлем бойынша қолданыста болған 10 пайыздық тарифті ең жоғары, заң жүзінде тексерілген 15 пайыздық деңгейге дейін көтеремін»- деп жазды АҚШ президенті TruthSocial әлеуметтік желісінде.
АҚШ президентінің айтуынша, бұл шешім «дереу күшіне енеді». Ал алдағы айларда оның әкімшілігі «заңға сай жаңа тарифтерді айқындап, енгізеді».