Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Пара алды деп күдікке ілінген". Алатау ауданының бұрынғы әкімі Қонаевта гольф-клуб салып жатыр деп хабарланды

09:29, 21 ақпан 2026

Қонаев қаласында «Жаңа-Іле» гольф-клубының құрылысы жоспарланып отыр. Жобаны Ким Енг Нам мен Бағдат Манзоров жетекшілік ететін Dream Asia Group компаниясы жүзеге асырмақ. Бұл туралы  Alash.kz хабарлады.

Курсивке хабарлауынша, Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, жобаның жалпы инвестиция көлемі 18 миллиард теңгені құрайды.

Ким Енг Нам туралы ашық дереккөздерде мәлімет аз. Ал Бағдат Манзоровтың есімі бұған дейін тергеу амалдары мен қылмыстық істерге байланысты ақпарат құралдарында бірнеше рет аталған.

Манзоров еңбек жолын жаттықтырушы ретінде бастап, кейін «Шаған» сауда үйін басқарған. Әр жылдары Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің орынбасары, кейін әкімі қызметін атқарды. 2008–2017 жылдары Алматы қаласындағы Алатау ауданының әкімі болды. 2019–2020 жылдары Алматы облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылдың қыркүйегінде ол пара алды деген күдікпен ұсталған. Алайда қазан айында қылмыс құрамы анықталмауына байланысты іс тоқтатылып, Манзоров қызметіне қайта оралған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл шешімге шағым түсіргенімен, қадағалаушы орган шағымды қанағаттандырмаған.

2022 жылы бірқатар БАҚ Манзоровқа қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша жаңа қылмыстық іс қозғалғанын жазды. Дегенмен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелмегені айтылды.

2023 жылы кәсіпкер қалалық мәслихат депутаты болуға ниет білдірген. Алайда Алматы қаласындағы №2 бірмандатты округтің сайлау комиссиясы оны кандидат ретінде тіркеу туралы шешімін жойды. Ресми себеп ретінде салық декларациясындағы сәйкессіздіктер көрсетілген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар