Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қорғаныс министрлігі қару-жарақтарын сатуда". Ескі әскери құрал-жабдықтардың құны қанша?

10:44, 16 наурыз 2024 404

"Қазарнаулыэкспорт" сайтында әскери техникалар мен қару-жарақтар саудаға шығарылды деген хабарлама пайда болды, деп хабарлайды Alash.kz тілшісі ҚазТаг-қа сілтеп.

Саудаланып жатқан құралдар - техникалар есептен шығарылған әскери жабдық.

БАҚ-та "Қорғаныс министрлігі қару-жарақтарын сатуда" деген ақпарат тарап, күдік басым болған. Алайда Қорғаныс министрлігі ресми ақпарат таратпаған. Себебі саудаға салынған әскери мүліктерді "Қазарнаулыэкспорт" республикалық мемлекеттік кәсіпорны сатып жатыр. Ал сауда алаңы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетіне бағынады.

Компанияның сайтында:

"ҚР Үкіметі Қарулы күштерді, басқа әскерлерді және жауынгерлік құралымдарды қамтамасыз ету мақсатында құрды және кәсіпорын қару-жарақ пен әскери техника, сонымен қатар әскери мүлік импорты мен экспорты бағыттарында жұмыс жасайды", - делінген.

Ал сатып алушылардан өтініш 19 наурызға дейін қабылданады.

Мүліктің үлкен бөлігі кеңес заманынан қалған көне көліктер, мысалы, ВАЗ, ГАЗ, ЗИЛ және басқа да жеңіл, жүк көліктері болып келеді.

Мысалы, 9 бірлік техникадан тұратын техникалардың бастапқы бағасы - 8,3 миллион теңге.

Қарағанды облысындағы әскери бөлімнің 11 әскери ұшағын – 230,5 миллион теңгеге, Семейдегі әскери бөлімнің 10 ұшағын – 358,3 миллион теңгеге, Шымкенттегі әскери бөлім 15 ұшағын – 194,8 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар