Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызғалдақ терген 22 жастағы қызға 11 миллион теңге айыппұл салынады (ВИДЕО)

10:48, 16 сәуір 2024 464

Әлеуметтік желіге салатын әдемі видео үшін қызыл кітапқа енген қызғалдақты терген 22 жастағы студентке 11 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Alash.kz.

Түркістан облысының полиция департаменті жас қыздың Ордабасы ауданынан екенін анықтады.

«Тексеру барысында жойылып кету қаупі бар Грейга қызғалдақтарын Ордабасы ауданының 22 жастағы тұрғыны, Ұялыжар ауылдық округінде орналасқан алқаптан қызыл кітапқа енген гүлдерді теріп, видеоға түсіріп, желіге жариялағаны анықталды. Бұл туралы өз парақшасында баяндаған», - деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіге салынған видеоны осы жөрден көре аласыз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар