Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырық жылғы қатының сатып кетуі мүмкін: Қайрат Әділгерей Елдосқа қолдау білдірді

09:11, 15 тамыз 2024 680

Танымал актер Қайрат Әділгерей Елдос Сметовтың анасымен шыққанын қолдап, араша түсті, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол мысалға Бишімбаев пен оның анасын келтірді.

“Бүкіл Қазақстан Бишімбаевты жерден алып, жерге салып жатқанда жалғыз анасы ғана қорғады. “Ол – менің балам. Қорғануға толық құқығы бар” деді. Тек қана Бишімбаевтың жағында анасы ғана қалды. Осыдан-ақ білуге болады. Алладан кейінгі ең мейірімі шексіз адам, ол – ана. Бітті. Ол талқыланбауы керек. Сенің 30-40 жылдан бергі қойныңдағы қатының бір күнде сатып жібереді. Жақсы көрмей қалуы мүмкін, сенен кетіп қалуы мүмкін, тіпті соттасуы да мүмкін. Балаларын алып кетіп, көрсеткізбей де қояды. Міне, ана қандай жағдай болса да, баласын қорғайды. Анадан ондай жамандық күтпейсің. Өйткені, ол – ана”, – деді әзілкеш. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар