Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырық жанды: Шымкентте әйелі күйеуіне бір бүйрегін берді

18:45, 18 шілде 2024 1031

Бір бүйрегін күйеуіне берді. Шымкенттік азаматқа келіншегінің органы салынды. Бұл туралы Оңтүстік телеарнасы мәлімдеді.

№1 қалалық клиникалық ауруханада трансплантациясы сәтті өтіп, науқастар үйіне шықпақ. Жарасымды жұптың әңгімесін тыңдап қайтқан едім, сюжетте толығырақ.

 Ерлан Асқаров созылмалы бүйрек жетіспеушілігі диагнозымен кезекте тұрды. Екі бүйрегі бірдей істен шығып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған. 49 жастағы азаматқа тез арада орган ауыстыру қажеттілігі туындайды.

 №1 қалалық клиникалық ауруханасында ағза ауыстыру отасы сәтті өтеді. Бұл - мекеме базасындағы кезекті 221-ші бүйрек трансплантациясы. Десе де осы жағдай бұрынғыдан өзгерек, себебі науқасқа бүйрегін берген донор - әйелі.

 Дәрігерлер ағза алмастыру отасы кезінде науқасқа жарының сол жақ бүйрегін хирургиялық жолмен қондырып берді. Қазір екі пациенттің де жағдайы жақсы.

Ал елімізде Ерлан Асқаров сияқты бүйрегін ауыстыруды күтіп жүрген 3 мыңнан аса адам бар. Бұл ауруханада органдар трансплантациясы 2013 жылдан бері тәжірибеге енгізілген.

Бүйректен бөлек, бауыр ауыстыру бойынша да 30-ға жуық ота жасалды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар