Мәжіліс депутаты Бас прокурор Берік Асыловтың атына генерал Новиковтың атындағы даулы алма бағы туралы сауал жолдады, деп жазады Alash.KZ.
«Бізге көп жерді қайтарып жатқандарыңызбен генерал Новиков сияқты ірі жер иеленушілердің заңсыз жерін қайтара алмай отырсыздар дегенге саятын сын көп айтылады.Жуықта ғана Алматы қаласының ауданаралық соты Қарасай ауданы әкімінің қаулысының күшін жоюы туралы қалалық прокурордың талабын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.Әрине, сот шешімінен кейін жер ақыры мемлекет меншігіне қайтарылады. Бірақ біз жер қайтарылғаннан кейінгі жағдайды ойлауымыз керек», - деді ол.