Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақтың жері - Ресейдің губерниясы емес!

06:06, 11 сәуір 2023 317
1991 жылы ел тәуелсіздігін алғаннан бергі жылдары елімізден төрт миллионға жуық славян өкілдері кеткен екен. Дегенмен, әлі де үш миллионға жуық орыс ұлтының өкілдері бізде қалып отыр.

Әрине, бұлар оңайлықпен өздерінің тарихи отандарына кете қоймасы белгілі. Әлі күнге дейін осылармен алысумен келеміз. Бұлар қарыны тойған жағында жүретін адамдар ғой! Міне, осы жағдайға байланысты кейде бір ой келеді. Осыдан біраз жылдар бұрын (аты-жөнін ұмытып тұрмын) бір грек жазушысының осындай тақырыпты сөз еткен әңгімесін оқыған едім. Кезіндегі, Осман империясы тараған кезде, Еуропаның шығыс бөлігінде көптеген түрік жанұялары қалған көрінеді. Ол, әсіресе, грек, венгр, болгар елдерінің аумақтарында, қазіргі бізге айғайын болып келетін түріктердің саны, жергілікті ұлттан да көп болып, сол араның төл тұрғындарына әлімжеттік жасап, қай кезде болмасын күш көрсетіп, маза бермеген секілді. Өз атамекенінде қорлық көріп жүрген гректер, бір айла тауып, түріктерді елінен кетіруге білектерін сыбана кіріскен. Сөйтіп, осы елдің белсенділері әрбір грек жанұясына доңыз өсіруге кеңес береді (Осман империясы тарамай, өз күшінде тұрғанда, түріктер өздерінің жаулап алған елдерінің тұрғындарына доңыз өсіруге қатаң тыйым салған. Қалай дегенмен де, османдықтар мұсылмандар ғой). Әлгі белсенділер үй-үйді аралап, қажымай-талмай үгіт-насихат жүргізеді. Ақыры, бірер жылдан кейін жергілікті тұрғындардың аулаларында, көшелерде қорсылдаған доңыздар толып кетеді. Бұдан шошынған және жиіркенген түрік ағайындар, отбасыларын жинап, бірі қалмай, көп ұзамай отандарына тайып тұрған көрінеді. Өстіп, гректер, кейіннен венгр, болгарлар, түрік үстемдігінен, дау-дамайсыз, ешбір соғыссыз жеңіл құтылған екен. Осы әңгімені оқып, қайран қалғам.

Бізге де осындай бір айла-амал ойластыру қажет-ақ секілді. Республикамыздың солтүстік және шығыс өлкелері толып тұрған орыс тіліндегі атаулар. Міне, осыларды, идеологиялық тұрғыдан  мүлде ескіргенін есепке алып, бұларды шұғыл түрде өзгертуді күн тәртібіне қою керек және осы атауларды мемлекеттік тілде, яғни, қазақ тілінде атау жөн болары еді.

Әйтпесе, олар, Ресейдің губернияларында жүргендей, еш уақытта еліне кетпейді. Мұны, осы облыстардың әкімдеріне жүктеу керек. Жаңа Қазақстан құруды бастаған соң, осыларды да қалдырмай қамтуды және мүмкіндігінше тез іске асыруды жедел ұйымдастыру, сондай-ақ,  мықтап жолға қою қажет. Бұған, қазіргі премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов мырза көңіл аударса екен дейміз.

Мысалы, осы Ақмола облысындағы Астрахан ауданы - бұл орыс тіліндегі атауы. Ал, негізінде, қыпшақ-қазақ тіліндегі атауы Қажы – тархан деп аталады. Біз, енді қазақ мемлекеті болған соң, неге осы ауданды осылай деп мемлекеттік тілде атамаймыз?! Шындығында, тарихта қазіргі Астрахан қаласының атауын орта ғасырларда осылай деп қазақтар атаған.

Сонымен қатар, орыс тілі - Ата заңымызда (Конституция) ресми тіл деп арнайы баппен көрсетілмесе де (ресми ғана пайдаланылады деп сөз арасында айтылған) біз осы күнге дейін орыс тілін мемлекеттік деңгейде ұстап тұрмыз. Әрине, бұдан кейін олар тарихи отанына қалай кетсін?.. Ата заңымызда мемлекеттік тіл деп қазақ тілі ғана көрсетілген. Біз соған мән бермей келеміз. Неге десеңіз, биліктегілердің осыған көңіл бөлуі төмен. Сондықтан, алдағы уақытта осы айтылған  ұсыныстарды және ескертпелерді үкімет билігінде жүрген інілеріміз ойларында ұстап, іске асырса құба-құп болары еді.

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар