Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өлім себебі анықталуда”. Қайғылы хабар: Көкшетаудағы колледж жатақханасынан студенттің мәйіті табылды

18:50, 31 қазан 2025 478

Көкшетаудағы колледждердің бірінде қайғылы жағдай орын алды. Жатақхананың бір бөлмесінен 16 жастағы студенттің денесі табылған, деп жазады Alash.kz.

Ақмола облыстық полиция департаменті ақпаратты растады. Құзырлы органдардың мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша жасөспірімнің өліміне қылмыстық әрекет себеп болмаған.

Қазір сараптама тағайындалып, өлімнің нақты себебі анықталуда. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын егжей-тегжейлі тексеріп жатыр.
Полиция басқа мәліметтерді тергеу мүддесіне байланысты әзірге жариялаған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар