Бас прокуратура қарттарды телефон алаяқтарынан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Alash.kz
Алаяқтар Сіздің ақшаңызды алып қою немесе Сіздің атыңызға несие рәсімдеу үшін Сізге телефон соғып, өздерін банк, полиция, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, әкімдік, тауар жеткізу немесе пошта қызметкерлеріміз деп таныстырады.
Сіз қарапайым ережелерді білуіңіз керек.
1. Бейтаныс адамдармен сөйлеспеңіз.
2. Егер қоңырау соққан адам Сізге «танысыңызбын» немесе өзін «танысыңыздың досымын» деп таныстырса және шұғыл түрде ақша сұраса, не болмаса сіздің қаражатыңызбен қандай да бір операция жасауға немесе телефоныңызға жіберілген сілтеме арқылы біреуге дауыс беруге өтінсе, қоңырауды тез арада өшіруді ұмытпаңыз, содан кейін сенімді болу үшін танысыңызға қайта қоңырау шалып, ол бұл туралы шынымен сұрағанын тексеріп көріңіз.
3. E-Gov немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы өз атыңызға несие рәсімдеуге немесе қарыз алуға тыйым салыңыз.
Есіңізде болсын!
1. Банктің қызметкерлері телефон арқылы ешқашан Сізге жеке ақшаңыз туралы айтпайды, SMS кодтарын немесе карта деректерін сұрамайды, қорқынышты сөздермен («Сіздің атыңызға несие рәсімделді», «Сіздің шотыңыз бұзылды») видеоқоңырау шалмайды.
2. Егер Сіз ұялы телефоныңызға досыңыздан сілтеме алсаңыз, оны ашпаңыз, алаяқтар оның телефонын пайдаланып отыруы әбден мүмкін. Танысыңызға қайта қоңырау шалып, тексеріп көріңіз.
3. Телефоныңыздағы SMS кодтар мен банк қолданбасының кодтарын ешкімге бермеңіз.
4. Бейтаныс қоңыраулар болған жағдайда - банкке ресми нөмір арқылы хабарласыңыз.
5. Кез келген қоңырау туралы іс-қимыл жасамас бұрын балаларыңызбен, немерелеріңізбен, көршілеріңізбен немесе учаскелік полиция инспекторымен дереу кеңесіңіз.
Негізгі ереже! Телефон арқылы ешқашан күнбе күн шешім қабылдамаңыз. Алаяқтар үнемі қорқытады.
Асықпасаңыз — міндетті түрде ақшаңыз бен жан тыныштығыңызды сақтайсыз.
