Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

14 балалы - Болат Назарбаевтың бала-шағасы әкесінің мұрасын қалай бөліспекші?

16:06, 30 қазан 2025 3220
 

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаев 2023 жылғы 13 қарашада 70 жасында дүниеден озған еді. Оның мүлкін бөлу процесі 2024 жылғы 3 қаңтарда нотариус Б.Қ. Исабаевтың бастамасымен № 1/2024 нөмірімен ресми түрде ашылды деп жазады Alash.KZ  beksport.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Мұрагерлікке өтініш бергендер марқұмның әртүрлі отбасы мүшелері болып, мүліктің үлесі мен заң бойынша тиесілі міндетті үлесті алу үшін рәсім жүргізуде.

Негізгі мұрагерлер мыналар: 

Нұрбол Болатұлы Назарбаев (т. 14.11.1983) – ұлы, өсиет бойынша мұра құқығын алу үшін өтініш берген.

Динара Кемелханқызы Назарбаева (т. 04.12.1986) – жұбайы, некеде бірге алынған мүліктің 1/2 үлесін бөлуге өтініш берген.

Міндетті үлеске үміткер балалары мыналар:

Болатхан, Мұхаммед, Еркежан, Елнұр, Болат, Акбар, Нұрбану, Томирис, Аруназ, Ханболат, Альбина, Хантөре және Жанель – барлығы заңға сәйкес міндетті үлес алу үшін өтініш беріп отыр.

Мұрагерлік іс әлі де жалғасуда, марқұмның мүлкі заң талаптарына сәйкес бөлінуі жоспарланып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар