Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Луврды тонады деген күдікпен тағы бес адам ұсталды

16:45, 30 қазан 2025 242
 

Францияда Луврды тонады деген күдікпен тағы бес адам ұсталдыдеп жазады Alash.KZ.

RTL радиосының хабарлауынша, күдіктілер 29 қазан күні кешке Париждің әртүрлі ауданында бір мезетте ұсталған. Қалалық прокурор Лора Бекко тергеу мүддесіне байланысты олардың жеке тұлғасын жариялауға ерте екенін мәлімдеді.

Ұстау кезінде зергерлік бұйымдар табылмаған.

Еске салайық, 19 қазанда әлемге әйгілі Лувр мұражайында небәрі бірнеше минуттың ішінде ұрлық жасалып, залал көлемі 88 миллион еуроға бағаланған еді.

Бұған дейін осы іске қатысты екі адам қамауға алынған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар