Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өз анасын пышақтап тастаған” - Алматыдағы жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы анықталды

16:51, 31 қазан 2025 295

Алматы қаласының Бостандық ауданында отбасылық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Қазанның 30-ына қараған түні Дунаевский көшесіндегі жеке үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің денесі табылған, деп хабарлайды Alash.kz. 

Қалалық полиция департаменті хабарлағандай, күдікті ретінде марқұмның 41 жастағы ұлы ұсталған. Тергеу барысында ер адамның Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны анықталған.

Алдын ала болжам бойынша, ана мен баланың арасында жанжал туындап, соңы қылмысқа ұласқан. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің “Адам өлтіру” бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция оқиғаның нақты себебін анықтау мақсатында сот-медициналық және психиатриялық сараптама тағайындаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар