Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесу өткізді

18:02, 31 қазан 2025 415

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Alash.kz Ақорданың ресми Telegram арнасына сілтеме жасап.
Президентке биыл қараша айының соңында Қырғыз Республикасында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық барысы туралы баяндалды.Сондай-ақ Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе талқыланды. 

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) — ТМД кеңістігіндегі әскери-саяси одақ, оның мақсаты — мүше мемлекеттердің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын бірлесе қорғау. Ұйым 1992 жылы 15 мамырда Ташкентте қабылданған Ұжымдық қауіпсіздік шарты негізінде құрылған. Қазіргі таңда ұйым құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді. ҰҚШҰ-ның басты міндеті — ортақ қауіп-қатерлерге қарсы тұру, әскери ынтымақтастықты дамыту және аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету. Сондай-ақ ұйым гуманитарлық, ақпараттық және киберқауіпсіздік салаларында да өзара іс-қимыл жүргізеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар