Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Кінәлі адамды іздеп, мені таңдады" - Хасан Қасымбаев соттағы соңғы сөзін айтты

19:00, 30 қазан 2025 118

Талғарда Хасан Қасымбаев пен оның серіктестеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы аяқталуға жақын. Бүгін басты айыпталушы соңғы сөзін айтты, деп жазады Alash.KZ.

«Менің ешқандай бандаға қатысым жоқ. Бірақ іс ушығып кеткенде, кінәлі адамды іздеп, мені таңдады. Жәбірленуші мені «хуторлық банданың басшысы» деп атады, бірақ мұндай банда Талғар мен Алматы облысында болған емес. Мұны полиция да растамады», - деді ол.

Еске салайық, прокурор Ерлан Құланбаев соттан Хасан Қасымбаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды, ал оның серіктеріне 9 жыл жаза тағайындауды сұраған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар