ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, белгілі ғалым, қоғам қайраткері Еділ Жаңбыршин “Балалар құқығын қорғау” заңы аясында оң өзгерістердің жасалғанын хабарлады, деп мәлімдейді Alash.kz.
Мәжіліс депутаты әлеуметтік желідегі парақшасында жастардың санасын улайтын бейәдеп, белден төмен насихаттардың масс-медиа мен әртүрлі қоғамдық ортада таралуына тыйым салатын заңнаманың жасалғанын айтты.
“Бүгін Архив істер жөніндегі заң жобасының аясында еліміз үшін маңызды бір норма қабылданды. Бұл - көптен бері айтып, күресіп жүрген ЛГБТ-ға қатысты норма. Осының аясында көптеген заңдар қабылданып жатыр. Оның ішінде “Балалардың құқығын қорғау” деген заң бар. Соның 34-бабына арнайы өзгерістер енгіздік. Бұл бап “Ұлттық және әлемдік мәдениетке баулу” деп аталады. Осы баптың ішіне “Порнографиялық қатігездік пен зорлық-зомбылықты” дәріптейтін деген сөзден кейін арнайы норма ұсындық. Дәлірек айтатын болсақ, “Дәстүрлі емес жыныстық бағыттарды, педофилияны насихаттайтын” деген сөзбен толықтырдық”, - деді Еділ Жаңбыршин.
