Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жасөспірім қыздармен танысып, кейін заңсыз әрекет жасаған” - Бас прокуратура дабыл қақты

11:38, 31 қазан 2025 290

Қақстанның Бас прокуратурасы танымал “Дайвинчик знакомства” Telegram-арнасын бұғаттау туралы сотқа талап арыз түсірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Прокуратура мәліметінше, аталған арнада кәмелетке толмағандар мен ересектер жас шектеуінсіз еркін сөйлескен. Бұл балалардың қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді. Прокуратура контент пен қарым-қатынас форматы қаскөйлерге жасөспірімдермен байланыс орнатуға мүмкіндік бергенін, оның соңы нақты қылмыстарға әкелгенін мәлімдеді.

Мекеме өкілдері бір оқиғаны мысалға келтірді: ер адам интернет арқылы жасөспірім қызбен танысып, кейін оған қатысты заңсыз әрекет жасаған. Бұл іс сотқа жолданды.

Прокуратура сот арқылы аталған арнаны Қазақстан аумағында бұғаттауды талап етіп, ата-аналарға балалардың онлайн белсенділігін бақылап, виртуалды таныстықтың қаупін түсіндіру және желідегі күдікті әрекеттер байқалған жағдайда бірден полицияға хабарласу қажеттігін ескертті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар