Атырау облысының Құрманғазы ауданында ауыр жағдай тіркелді. Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 36 жастағы басшысы өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Alash.kz.
Қайғылы оқиға отбасылық жанжалдан кейін болған. Ер адам аңшы мылтығын пайдаланып, өзіне оқ атқан.
Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы - “Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барысында оның отбасылық және қызметтік жағдайына байланысты барлық деректер тексерілмек.

