Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин Владимир Путиннің әскери қуатты дәріптеген сөзін қолдап, тағы бір даулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz.
— Президент Владимир Путин кезінде: “Біз әлемде теңдесі жоқ жойқын қару жасап жатырмыз”, – дегенде, көпшілігі күмәнмен қарады. Ал енді көріп отырсыздар. Біз “Буревестникті” жасап шығардық. Бұл қарудың баламасы жоқ. Енді бізге сырттан зиян тигізіп, Ресейге қысым көрсетіп жүргендердің бәрі Путиннің алдына бас иіп келуге дайындалсын, — деді Володин ашулы үнмен.
Саясаткердің бұл сөзі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, жұрт оны “қорқыныш пен тәкаппарлықтың қоспасы” деп сипаттады.
Айта кетсек, “Буревестник” — ядролық қозғалтқышы бар стратегиялық зымыран. Ресми мәліметке сәйкес, ол шексіз ұшу қашықтығына ие, бірақ оның техникалық деректері құпия күйінде қалып отыр.
