Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Италияда Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды

21:57, 30 қазан 2025 63

Римдегі Вилла Грациоли саябағында (Parco di Villa Grazioli) қазақ халқының ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлы бюстінің салтанатты ашылуы өтті деп хабарлайды Alash.kz

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Сембаев, италиялық зиялы қауым өкілдері мен Қазақстанның ресми делегациясы мүшелері қатысты.

«Қыркүйек айында Италия Президенті Қазақстанға келіп, жаңа байланыстарға жол ашып, бірқатар маңызды келіссөздер жасалды. Бүгінгі Абай ескерткішінің ашылуы – сол келісімдердің көрінісі, екі халық арасындағы достық пен өзара құрметтің белгісі деп білемін», – деді Аида Балаева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар