Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“26 жасында күміс алқа иегері” - Көпбалалы ана желіде қуанышты жаңалығын бөлісіп, сүйінші сұрады (ВИДЕО)

21:08, 31 қазан 2025 298

Астанада 26 жастағы Бибінұр Төлегенқызына көпбалалы ана мәртебесі беріліп, “Күміс алқа” медалі табысталды. Ол бүгінде алты баланың анасы, деп хабарлайды Alash.kz.

Жас ана қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде бөлісіп, жұрт назарына ілікті. Айтуынша, Бибінұр небәрі 18 жасында тұрмысқа шыққан. Содан бері 8 жыл бойы бала тәрбиесімен айналысып келеді. Қазір оның екі баласы мектепте оқиды, үшеуі балабақшаға барады, ал кенжесі әзірге анасымен бірге үйде.

“18 жасымда тұрмысқа шықтым, 8 жылдан бері декреттемін. Үш балам балабақшаға барады, екеуі мектепке кетеді – енді өзім үшін өмір сүруді бастадым. Ал менің кей қатарластарымда мұның ешқайсысы әлі жоқ”, – деп жазды Бибінұр.

Көпшілік оның жазбасына түрлі пікір қалдырған. Кейбір қолданушылар “Неге ерте тұрмысқа шықтың?” деп сұраса, жас ана бұған сабырлы жауап берді:

“Маған 18 жаста қайда асықтың, неге саяхаттамадың, неге жұмыс істемедің деп сұрайтындар бар. Айтарым – өмірімнің бәрі әлі алда. Әр нәрсенің өз уақыты бар”.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар