ҚР экс- президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы қалалық мәслихат депутаты, режиссер Еркін Рақышев үндеу жолдады, деп хабарлайды Alash.kz.
“Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев, қалыңыз қалай? Барсыз ба? Сізді көрінбей кетті деп халқыңыз алаңдап, іздеп жатыр ғой. Ел басқарған кезіңізде “Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын” дейтін едіңіз. Енді халқыңыз қиналып, жарты Қазақстанды топан су алып жатқан кезде неге үндемей қалдыңыз? Мыңдаған қазақ мал-мүлкінен, үй-жайынан айырылып жатыр. Үндемей жатқаныңыз жараспас. Халқыңызға қолдау білдіріп, қол ұшын созыңыз. Ақшаңыз жоқ емес, бар. Кейбір деректерге қарағанда, “Назарбаев қайырымдылық қорында” 8 млрд доллардан астам ақша жатыр. Осы қыруар ақшаны, халқыңыз қиындыққа ұшыраған кезде бермегенде, не істейсіз?
Бұл сіздің маңдай теріңізбен тапқан ақшаңыз емес, бір сөзбен айтқанда халықтың ақшасы. 1-2 млрдпен болса да халыққа көмектесіңіз. Сізге жалтақтап отырған, елдің ақшасын жеген олигархтарға да айтып барыңыз. Тентіреген халыққа үй салып берсін!,- деді Еркін Рақышев.