Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақстандағы орыстар жаппай қазақ тілін үйренуі керек". Депутат Сергей Пономарёв қазақ тілі арқылы елде береке орнайтынын айтты

15:07, 12 шілде 2025 1162

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв еліміздегі орыстілді азаматтар арасында мемлекеттік тілді белсенді меңгерудің маңызды екенін атап өтті, деп жазды Alash.kz.

Оның айтуынша, қазақ тілін білу — тұлғалық әрі қоғамдық дамуға, сондай-ақ ұлтаралық татулықты нығайтуға ықпал етеді.


Пономарёв сыртқы ықпалдар қаупіне алаңдаушылық білдіріп, этностардың бірігуі қажет екенін алға тартты. Ол халықаралық шиеленістер аясында ел ішіндегі бірлікті сақтау маңызды екенін айтты.

Еске сала кетейік, Сергей Пономарёв — «Amanat» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты. Бұған дейін танымал журналист және қоғам қайраткері ретінде әйгілі болған. 2023 жылғы наурыз айынан бастап төменгі палатада партия атынан өкілдік етеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар