Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан халқына 140 мың теңгеден әлеуметтік төлем аударылады - Рас па?

19:30, 08 тамыз 2024 444

Әлеуметтік желіде алаяқтықтың жаңа түрі шықты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл төлемді алу үшін алаяқтар сілтемеге өтуді талап етеді. 

“Төлемнің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуілеріңізді сұраймыз. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.”, – делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар