Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан мен Netflix бірлескен жобасы: ҚарЛАГ жайлы фильмнің трейлері көрерменге жол тартты

Қазақстан мен Netflix бірлескен жобасы: ҚарЛАГ жайлы фильмнің трейлері көрерменге жол тартты
Netflix пен Қазақстан бірлесіп түсірген «La Tregua» («Татуласу») фильмінің трейлері жарыққа шықты, деп хабарлайды Alash.KZ сайты MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеп. 
 
Картина еліміздің тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі – ҚарЛАГ тақырыбына арналған. Фильмге қазақстандық актерлер мен мамандар да қатысып, тарихи оқиғаларды шынайы жеткізуге атсалысқан.
 
«La Tregua» 2025 жылдың күз-қыс айларында үлкен экранға шығады. Жақын күндері қазақ және орыс тілдерінде дубляж жасалатыны белгілі болды.
 
Фильмді әлемге әйгілі «Бумажный дом» сериалы арқылы танылған режиссер Мигель Анхель Вивас түсірген.
 
Басты рөлдерде:
• Мигель Херран,
• Арон Пайпер,
• Қазақстаннан – Дина Тасболатова, Алтынай Нөгербек, Сергей Уфимцев және Фараби Ақкөзов. 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар