13 қыркүйекте Астанада танымал әнші Димаш Құдайберген концерт қойды. Концертке төрткүл дүниеден әншінің жанкүйерлері жиналды. Олар: "Қазақстан жасасын!" - деп үн қосты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Бұл жайлы қоғам белсендісі, солтүстікті қазақыландыру ісін насихаттап жүрген Бурахан Дақан тебірене жазды:
Әлемнің түкпір түкпірінен мыңдаған адамды Отаныңа жинап алып, "Қазақстан жасасын!" - деп айқайлатып қою неткен бақыт, ә? Жарайсың, Димаш! Бар бол! - деді ол.