«Қазақмыс» Тобы өндірістік үдерістің сенімділігін арттыруға, өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейтуге және кәсіпорындардың жұмыс тиімділігін жақсартуға бағытталған өндірістік техника мен жабдықтарды жаңарту бағдарламасын жүзеге асыруда.
Бұл жұмыстың кезекті кезеңінде компанияның өндірістік бөлімшелері үшін жаңа автокөлік техникасы жеткізілді. Кәсіпорындардың қажеттілігі үшін 10 жаңа автокөлік сатып алынды. Олар енді Ұлытау облысы мен Қарағанды өңіріндегі өндірістік нысандарда пайдаланылады.
Жеткізілетін техника құрамында Саяқ кенішінің байланыс учаскесіне арналған үш Toyota Hilux автокөлігі бар. Жаңа көліктер бұрын пайдаланылған техниканы алмастырып, байланыс учаскесінің жұмысын қамтамасыз етуге, жабдықтарға қызмет көрсетуге және кеніш аумағы мен оған іргелес нысандарда өндірістік міндетті атқаруға жұмылдырылады.
Тағы бес Toyota Hilux автокөлігі «Қазақмыс» корпорациясы «Q.I. Satbaev atyndagy Jezqazgan Tau-Ken ondirisi» филиалының электр жабдықтарына сервистік қызмет көрсету жөніндегі Энергетика басқармасына жеткізілді. Техника жедел және жөндеу персоналын тасымалдауға, далалық жұмыстарды орындауға, сондай-ақ шахта, кеніш және өндірістік алаңдардағы электр жабдықтарына қызмет көрсетуге арналған.
Автопаркті жаңарту «Қазақмыс» Тобының кәсіпорындарын жаңғыртуға бағытталған кешенді бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Бұған дейін осы бағдарлама аясында компания қызметкерлерді тасымалдау үшін 90 жаңа автобус сатып алған болатын, сондай-ақ кен-тау-шахталық техникасын, өндірістік жабдықты және инфрақұрылымды жаңарту жобаларын іске асыруда.
Техниканың жеткізілуі «Қазақмыс» Тобы кәсіпорындарын жаңғырту бағдарламасының кезекті кезеңі болып табылады. Компания өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесіне, өндірістік үдерістің сенімділігіне және жұмыскерлер үшін қолайлы еңбек жағдайын жасауға ерекше назар аудара отырып, көлік құралын, өндірістік жабдықты және инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңартып келеді.
"Қазақмыс" техникалық жаңартуға көшті: компания 10 жаңа автокөлік сатып алды (ВИДЕО)
Қайғылы жағдай: Ақтөбеде 16 жасар студент жатақханa терезесінен құлап, қаза тапты
12:11, 04 қараша 2026
Щучинскідегі 12 адамның өмірін қиған жарылыс: Сот процесі туралы тың дерек шықты
11:02, 04 қараша 2026
«Құдай сақтасын»: Айдана Меденова күйеуімен ажырасып кетті ме? – Әншінің өзі жауап берді
10:22, 04 қараша 2026
Президент Жолдауын іске асыру: Үкімет Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын мақұлдады
18:00, 03 қараша 2026
«Алаңда ауыр жарақат алған». Қаралы хабар: 30 жастағы футболшы қаза тапты (ВИДЕО)
17:48, 03 қараша 2026
«4 күн бұрын үйінен шығып кеткен»: Семейде 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалды
15:40, 03 қараша 2026
«Соғысты тоқтату»: Ресей мен Украина арасындағы келіссөз қашан өтетіні белгілі болды
15:31, 03 қараша 2026
«Жедел жәрдем келгенше көз жұмған»: СҚО-да 17 жасар қыздың жұмбақ өлімі тергеліп жатыр
14:26, 03 қараша 2026
Үш жылдық мораторий енгізіледі: Қазақстанда орта кәсіпкерлікті қолдау күшейеді
13:22, 03 қараша 2026