Дубайда өткен бәйгеде қазақтың сәйгүлігі оза шапты. 13 желтоқсанда болған 1200 метрлік жарысқа қатысқан “Нугул” (Noogool) сәйгүлігі жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Сәйгүлік Дубайдағы атжарысқа Ақтөбеден арнайы қатыстырылған.
Жарыс жолын соңғы орынмен бастаған тұлпар шашасына шаң жұқпай шауып, мәреге жақындағанда қара үзіп алға шықты. Осылайша жеңісті жұлып алды.
Жылқыны баптаған - Марат Көшеров.